Middle UX/UI Designer

Алматы (Бас офис)
Толық күн
|
2 жылдан 4 жылға дейін
|
3 жылдан 6 жылға дейін

Kaspi.kz — Қазақстандағы ірі технологиялық компания. Ай сайын біздің үздік қосымшамызды 14.5 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады.

Әрбір қазақстандықтың өмірін жақсартатын компанияға сіз де қосылыңыз.

Сіз мынадай сервистермен жұмыс істей аласыз:

  • Kaspi Магазин – Қазақстандағы нөмір 1 E-commerce
  • Kaspi Travel – билеттерге бронь қою бойынша нөмір 1 сервис
  • Төлемдер – қызметтерге төлем жасау бойынша нөмір 1 сервис
  • Kaspi Pay – кәсіпкерлер үшін нөмір 1 қосымша
  • Ақшалай Кредит, Зат сатып алуға кредит, Kaspi Red, Kaspi Gold, Аударымдар, Хабарламалар, Kaspi QR, Kaspi Maps және т.б.

 

Сіз Kaspi.kz цифрлық өнімдерінің жаңа көрнекі дизайны мен дизайн-жүйесін, пайдаланушылық тәжірибесін дамытып, жетілдіретін боласыз

Сізге не істеу керек:

  • Kaspi.kz дизайн-жүйесін дамытумен, жаңартумен және жетілдірумен айналысу (UI/UX);
  • Тестілеу және бақылау мәселелері бойынша әзірлеушілер командасымен тығыз жұмыс жасау;
  • Әлемдік тәжірибені талдау
  • Клиенттеріміздің Kaspi.kz-тің барлық өнімдерімен өзара әрекеттесу тәжірибесін үнемі жақсарту

Сізден не талап етіледі:

  • ux/ui дизайнердің 2 жылдан астам жұмыс тәжірибесі
  • iOS және Android гайдлайндарын озық білу
  • Дизайн-жүйелері саласындағы жалпы білім (жалпы қағидаттар, құралдар, кезеңдер, үдерістер)
  • Финтех, электрондық коммерция, әлеуметтік желілер мен коммуникациялар, навигация, медиа және т.б. салаларда онлайн-сервистерді пайдаланудың ауқымды жеке тәжірибесі
  • Өз шешімдерін бүкіл командаға жеткізе білу, өз көзқарасын қорғай білу және басқаларды тыңдай білу.

 

 

Біз не ұсынамыз:

  • Бәсекелі жалақы және оны тұрақты қайта қарау
  • Өнімдік ұстанымы мықты, дизайнға және клиенттік тәжірибеге баса назар аударатын, жылдам дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу мүмкіндігі
  • Күн сайын миллиондаған қазақстандықтар пайдаланатын өнімдерді жасау мүмкіндігі
  • Алматының орталығындағы ең үздік кеңселердің бірі
  • Компанияның есебінен оқыту
  • Заманауи жабдық