Middle Product Analyst

Алматы (Бас офис)
Толық күн
|
1 жылдан 3 жылға дейін
|
2 жылдан 4 жылға дейін
|
3 жылдан 6 жылға дейін

Kaspi.kz — Қазақстандағы ең ірі технологиялық компания. Ай сайын біздің суперқосымшаны 12 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады.
Қазақстандағы адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған компанияға қосылыңыз. Біз сіздің өтінішіңізді қуана қабылдаймыз. Өтінеміз, түйіндемеңізге өзекті портфолиоңызды қоса тіркеңіз. Ескерту: файл немесе архив түріндегі жұмыстар қабылданбайды.

Міндеттер:
• өнімдеріміздің көрсеткіштерін талдау, өсу нүктелерін және клиент жолындағы мәселелi тұстарды табу;
• қолданушылардың мәселелері мен қажеттіліктерін анықтау, оларды шешу жолдарын ұсыну;
• көрсеткіштерді талдау және анықталған қолданушы мәселелерінің негізінде гипотезалар ұсыну және тексеру;
• эксперименттерді жоспарлау, іске қосу және нәтижесін талдау;
• өнімдік дизайнерлермен және зерттеушілермен үнемі өзара әрекеттесу;
• гипотезаларды немесе қандай да бір процесс/өнімді талдау үшін оңтайлы метрикаларды ойластыру;
• команданың аналитикаға деген қажеттіліктерін өздігінен анықтау және деректерден қажетті жауаптарды табу;
• өнімдік командалар үшін дашбордтар, есептер жинау.


Талаптар:
• Product немесе data-талдаушы ретінде кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек;
• SQL білу — деректерді шығарып алу және өңдеу үшін;
• Python тілін және аналитикаға арналған Pandas, Numpy кітапханаларын пайдалана білу;
• Статистиканың негізгі қағидаларын түсіну;
• Жоғарыдағы құралдармен мыналарды есептей білу:

  • өнімдік метрикалар, воронкалар, retention көрсеткіштері;
  • A/B тест нәтижелерін дұрыс есептеп, қорытынды шығару;

• Ағылшын тілін техникалық мақалалар мен нұсқаулықтарды оқи алатындай деңгейде білу;
• Назар салып жұмыс істеу, мерзімдерге жауапкершілікпен қарау, өз шешімдеріне жауап беру;
• Өз пікірін нақты әрі дәлелді түрде жеткізе білу және басқа адамдардың пікірін тыңдай алу.

Біз ұсынамыз:
• Даму және мансаптық өсу;
• Kaspi-дің кәсіби әрі тату командасының бір бөлігі болу мүмкіндігі;
• Қаланың орталығындағы жайлы кеңсе (Алматы қ., Наурызбай батыр көшесі, 154А үй, Абай даңғылының жоғары жағында);
• Компания есебінен оқыту, тренингтер және тілдік курстар;
• Кеңседегі тегін спортзал;
• Жеңілдетілген автонесиелеу;
• Электронды кітапхана — Kaspi Books және оған арналған қолжетімді қосымша;
• Chill-зона — жайлы аула, workout-алаң, толық релаксацияға арналған ыңғайлы орындықтар мен әткеншектер :)
• Дресс-кодтың болмауы.

Біздің құндылықтарымыз туралы қысқаша:

• Біз өз өнімдерімізді үнемі жетілдіріп отырамыз – оларды қолданушыларға барынша қарапайым әрі түсінікті етуге және нәтижелерін жақсартуға ұмтыламыз.
• Біз нәтижеге жұмыс істейміз.
• Үздіксіз білім алып, дамуға мән береміз.
• Біз қателіктерден қорықпаймыз (fail friendly). Қателесу ұят емес – маңыздысы, сол қателіктерден дұрыс сабақ алу.