QA Engineer (Kaspi Delivery Team )

Алматы (Бас офис)
Толық күн
|
1 жылдан 3 жылға дейін
|
2 жылдан 4 жылға дейін
|
3 жылдан 6 жылға дейін

Kaspi Delivery Team — Kaspi.kz логистикасының өзегі. Біз күн сайын жүздеген мың тапсырысты жеткізуге көмектесеміз: бүкіл Қазақстан бойынша клиенттер тапсырыстарды жылдам және уақтылы алуы үшін курьерлерге, қоймаларға және ішкі логистикалық процестерге арналған экожүйені жасаймыз.

Біз Kaspi.kz мобильді қосымшаларының ең жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін біздің командаға қосылатын тестілеу жөніндегі тәжірибелі инженерді іздеп жатырмыз. Сізге көптеген міндеттермен жұмыс істеп, әзірлеумен тығыз қарым-қатынас жасап, біздің сүйікті клиенттеріміз көретін түпкілікті өнімге ықпал етуіңіз қажет болады.

Не істеу керек:

  • Бизнес-логиканы, бэкендті, фронтенд пен интеграциялардың функционалдық және функционалдық емес талаптарға сәйкестігін қолмен тестілеуді орындау
  • Тест-жоспарларды, тест-кейстерді, чек-парақтарды және тестілеу бойынша білім базасын әзірлеу және өзекті жай-күйінде ұстау
  • Кодтар мен құжаттамадағы қателерді оқшаулау және талдау
  • Жобаны әзірлеушілермен, QA, менеджерлермен, дизайнерлермен өзара іс-қимыл жасау
  • Міндеттерді бағалауға және жоспарлауға қатысу
  • shift-left тестілеуге қатысу

Біз не күтеміз:

  • Тестілеу теориясын сенімді білу
  • Тест-дизайн техникасын қолданудың практикалық тәжірибесі
  • SDLC және STLC процестерді түсіну
  • Баг-трекинг жүйелерін және тестілеуді басқару құралдарын білу
  • Клиент-серверлік қосымшалардың жұмыс қағидаттарын түсіну
  • DevTool, Postman-мен жұмыс жасау дағдысы
  • Өз ойларын анық және сауатты тұжырымдай білу
  • Сұрақтар қоя білу
  • Дербестік, жауапкершілік, тестілеу үдерісін ұғыну ниеті
  • Өзін-өзі дамыту және QA және тестілеуді автоматтандыру бағытында дамуға ниет білдіру

Артықшылық болады:

  • Қателерге root-case талдауын жүргізе білу
  • json және xml құрылымын түсіне білу
  • SQL деректер базасымен жұмыс тәжірибесі
  • Charles/Proxyman трафик сниффтерін пайдалану
  • ООП-ның негізгі қағидаттарын түсіну
  • Автоматтандырылған тестілеу тәжірибесі
  • Логтарды алу және талдау үшін құралдарды игеру тәжірибесі
  • Kafka/RabbitMQ хабарлама брокерлерімен жұмыс тәжірибесі

Біз қалай жұмыс істейміз:

  • Біз екі апталық спринттер мен тұрақты стендаптарды пайдалана отырып Agile-әдіснамасы бойынша жұмыс істейміз
  • Жобаларды басқару және тестілеу үшін Jira, Confluence, Figma, Allure TestOps секілді құралдарды пайдаланамыз

Біз не ұсынамыз:

  • Миллиондаған клиенттерге тапсырыстардың жеткізілуін қамтамасыз ететін және күнделікті мыңдаған курьерлеріміз бен қойма қызметкерлеріміз пайдаланатын өнімдерді жасай отырып, Қазақстанның үздік tech-компаниясында жұмыс істеу мүмкіндігі
  • Мықты команда және білім алмасу мәдениеті (менторлық, ішкі митаптар)
  • Біздің бизнеспен бірге даму мүмкіндігі.
  • Әрекет ету еркіндігі және нәтиже үшін жауапкершілік
  • Икемді жұмыс кестесі (жұмыс күнінің басталуы, ішінара қашықтан жұмыс істеу)
  • Қолайлы жұмыс жағдайлары, ағылшын тілінің курстары, оқыту, жылдық бонус