Senior Design System Designer

Алматы (Бас офис)
Толық күн
|
2 жылдан 4 жылға дейін
|
3 жылдан 6 жылға дейін

Kaspi.kz — Қазақстандағы ірі технологиялық компания. Ай сайын біздің үздік қосымшамызды 14.7 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады.

Әрбір қазақстандықтың өмірін жақсартатын компанияға сіз де қосылыңыз. Сіздердің жауаптарыңызды күтеміз. Түйіндемеге жұмыстарыңызбен өзекті портфолионы қоса беруіңізді сұраймыз. Файлдар немесе мұрағаттар түріндегі жұмыстар қарастырылмайды.

 

Міндеттері:

  • Басқа командалардың талаптарының негізінде  Kaspi.kz-тің дизайн жүйесін жетілдіру;
  • Өнім командасымен бірге колл-орталық қолданатын CRM-жүйесін әзірлеу;
  • Әзірлеушілер командасымен орындалған дизайнға ревью жүргізу;
  • Компоненттердің, үлгілердің және процестердің құжаттамасымен айналысу;
  • КО-да техникалық қолдау менеджерлерінің тәжірибесін жақсарту, UX-зерттеулер жүргізу.

 

Қойылатын талаптар:

  • Өнім дизайнері ретінде 3 жыл немесе одан да көп тиісті жұмыс тәжірибесі;
  • Күрделі десктоптық веб-интерфейстерді: CRM-жүйелерді, тығыз орналастырылған және көп бизнес-логикасы бар әкімші панельдерін жобалау дағдылары;  
  • UI ұқыпты қатаң стильмен жұмыс істей білу;
  • Ауқымды көлемді ақпаратты жүйелей білеу; 
  • Веб-технологиялар негіздерін: HTML, CSS білу. Vue-де фронтенд негіздерін білгені құпталады.
  • Дизайн-жүйелері саласындағы (жалпы принциптер, құралдар, кезеңдер, процестер) сенімді білімі;
  • Өнім командасымен өз бетінше жұмыс істей білу, міндеттердің артықшылығын жоспарлау және орындалған макеттер бойынша демо өткізу;
  • Өз шешімдерін командаға дәлелді түрде жеткізе білу, өз көзқарасын қорғай білу және басқаларды тыңдай білу;
  • КО операторы болып жұмыс істеген тәжірибесі құпталады.  

 

Біз не ұсынамыз:

  • Өнімдік ұстанымы мықты, дизайнға және клиенттік тәжірибеге баса назар аударатын, жылдам дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу мүмкіндігі;
  • Миллиондаған қазақстандық күнделікті пайдаланатын өнімдерді жасау мүмкіндігі;
  • Алматы орталығындағы ең үздік офистердің бірі;
  • Компания есебінен оқыту;
  • Неғұрлым ыңғайлы жұмыс кестесін құру мүмкіндігімен офисте жұмыс істеу.