Сипаттамасы
Kaspi Delivery Team — Kaspi.kz логистикасының өзегі. Біз күн сайын жүздеген мың тапсырысты жеткізуге көмектесеміз: бүкіл Қазақстан бойынша клиенттер тапсырыстарды жылдам және уақтылы алуы үшін курьерлерге, қоймаларға және ішкі логистикалық процестерге арналған экожүйені жасаймыз.
Не істеу керек
- Жаңа сервистерді құруға қатысу және ағымдағы сервистерді қолдау;
- Сабақтас жүйелермен интеграциялау мәселелерін шешу;
- code review жүргізу, менторлау, инженерлік тәжірибені жақсарту;
- Сәулет шешімдеріне қатысу (модульділік, performance);
- Жобаны әзірлеушілермен, QA, менеджерлермен, дизайнерлермен өзара іс-қимыл жасау;
- Сервисті одан да жақсарту үшін идеяларды ұсыну.
Біз жұмыс жасайтын технологиялар
- Backend: Java 11+, Spring Boot 3.2.*+
- Databases: PostgreSQL, MongoDB, Redis, Elastic
- Өнімділік және бақылаушылық: ELK, Grafana
- Карталар және гео: PostGIS, Yandex Maps, GeoJSON.
- Инфрақұрылым: GitLab, CI/CD, Docker, K8S, Kafka.
Біз не күтеміз
- Java/Spring-те бағдарламалық жасақтаманы коммерциялық әзірлеудің 2 жылдан кем болмайтын тәжірибесі;
- Жобалау қағидаттары мен үлгілерін білу;
- Реляциялық ДҚ (PostgreSQL), реляциялық емес ДҚ (MongoDB) жұмыс тәжірибесі;
- Git нұсқадағы бақылау жүйесімен жұмыс тәжірибесі;
- Сапаға назар аудару: тесттер, өнімділік, қауіпсіздік.
- Spring Boot-пен жұмыс тәжірибесі;
- Кодтың сапасына назар аудару, SOLID, KISS, YAGNI, DRY, ACID және т.б. қағаидаттарды түсіну және пайдалану;
- Техникалық құжаттаманы оқу деңгейіндегі ағылшын тілі.
Артықшылық болады
- Gitlab-пен жұмыс тәжірибесі;
- Apache Kafka-мен жұмыс тәжірибесі;
- Docker, Kubernetes-пен жұмыс тәжірибесі;
- Жоғары жүктемелі жүйелермен жұмыс тәжірибесі;
- Геомәліметтермен/карталармен жұмыс тәжірибесі
Біз қалай жұмыс істейміз
- Қысқа итерациялар (2-апталық спринттер), түсінікті релиздік цикл.
- Жобаларды басқару үшін Jira, Confluence, Gitlab секілді құралдарды пайдаланамыз
- Code review, дизайн-жүйесі, сәулеттік шешімдер бойынша кездесулер
Біз не ұсынамыз
- Миллиондаған клиенттерге тапсырыстардың жеткізілуін қамтамасыз ететін және күнделікті мыңдаған курьерлеріміз бен қойма қызметкерлеріміз пайдаланатын өнімдерді жасай отырып, Қазақстанның үздік e-commerce компаниясында жұмыс істеу мүмкіндігі.
- Мықты команда және білім алмасу мәдениеті (менторлық, ішкі митаптар).
- Әрекет ету еркіндігі және нәтиже үшін жауапкершілік.
- Икемді жұмыс кестесі (жұмыс күнінің басталуы, ішінара қашықтан жұмыс істеу), ыңғайлы жабдық.
- Тілдік курстар, оқыту, жылдық бонус.
- Кеңседегі тегін жаттығу залы
- Дресс-кодтың жоқтығы;
- Chill-аймақ - жайлы аула, workout-алаңы, сондай-ақ толық релаксация үшін ыңғайлы орындықтар мен әткеншектер:)