2022 жылы Market.kz Kaspi.kz-пен біріктірілді. Енді бұл Kaspi.kz-тегі Хабарландыру — айына 12,5 миллион қазақстандық пайдаланатын Kaspi.kz экожүйесінің бір бөлігіне айналған general classified.
Kaspi.kz-тегі Хабарландыру сервисінің арқасында жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер тауарларды қауіпсіз және тегін сатуға, сатып алуға немесе айырбастауға, қызмет ұсынуға және қызмет алуға мүмкіндік алды.
Қойылатын талаптар:
- frontend-әзірлеуші рөліндегі 3 жылдан басталатын жұмыс тәжірибесі;
- HTML / DOM / DOM-events-ті жақсы білу;
- JS-ті жақсы білу (TS-ке басымдық беріледі);
- CSS / SCSS-ті жақсы білу;
- vue 2/3 жақсы білу (nuxt.js-ке басымдық беріледі)
- git-пен жұмыс істеу тәжірибесі, оны қалай пайдалану керектігін білу және істей алу, негізгі консоль командаларын білу;
- Figma-мен жұмыс істеу тәжірибесі;
- Бейінді жоғары білім;
- JSON, SVG, HTTP, WebSocket, Cors, REST API, Compression, AJAX, Cdn, vanilla javascript, JIRA жалпы білу және түсінік;
- Жинақылық, дербестік, құштарлық, мақсатқа ұмтылушылық;
Сіз немен айналысасыз:
- ағымдағы сервистерді қолдауға қатысасыз және жаңаларын құрасыз;
- команда бойынша әріптестер кодына code review жүргізесіз;
- өнімді әзірлеуге назар аударасыз, бұл бизнес мәселесін шешуді білдіреді;
- сервисті одан әрі жақсарту туралы идеялар ұсынасыз.
Біз:
- Қазақстанның үздік қаржылық технологиялар компаниясында жұмыс істеу және жұмысыңыздың нәтижесін миллиондаған пайдаланушының пайдаланып жүргенін көру мүмкіндігін;
- мақтанышымызға айналған кәсіби команданы;
- бизнесімізбен бірге алға қарай жылжу мүмкіндігін ұсынамыз.