Middle Java Developer Kaspi Shop

800 000 теңгеден бастап
|
Алматы (Бас офис)
Икемді кесте
|
1 жылдан 3 жылға дейін
|
2 жылдан 4 жылға дейін
|
3 жылдан 6 жылға дейін

Сипаттамасы:

Kaspi.kz-тегі Магазин – бұл бірегей сервис, электрондық коммерцияның көп санатты платформасы және Қазақстан нарығындағы ең ірі e-commerce-тің бірі. Біз миллиондаған пайдаланушылардың күніне жүздеген мың тапсырыс беріп, оларды уақытында алуын қамтамасыз етеміз.
Kaspi.kz-тегі Магазин бағыттар бойынша бөлінген шағын командалар болып жұмыс істейді, біз әзірлеуде agile әдістемесін қолданамыз, ахуалды артық бюрократиямен бүлдірмейміз және өз өніміміз үшін толық жауапкершілік атқарамыз. 



Сіз:

  • жаңа сервистерді жасауға қатысасыз және ағымдағы сервистерге қолдау көрсетесіз;
  • аралас жүйелермен бірігу мәселелерін жете ұғынасыз;
  • команда бойынша әріптестердің кодына code review жүргізесіз;
  • команданың басқа мүшелерімен өзара тығыз байланыста болып, стартап ахуалында  жұмыс істейсіз;
  • сервисті қалай жақсарту жайлы өз идеяларыңызды ұсынасыз. 

 

Сізге қойылатын талаптар:

  • Java-да бағдарламалық қамсыздандыруды кемінде 1 жыл коммерциялық әзірлеу         тәжірибесі;
  • жобалау қағидалары мен шаблондарын білу;
  • реляциялық ДБ-мен (Oracle, PostgreSQL), реляциялық емес ДБ-мен (MongoDB) жұмыс істеу тәжірибесі;
  • Git нұсқаны бақылау жүйесімен жұмыс істеу тәжірибесі;
  • Maven, Gradle жобаларын жинау үшін құрал-саймандармен жұмыс істеу тәжірибесі;
  • ойын түсінікті әрі жүйелі жеткізе білу, күрделі нәрселерді түсінікті тілмен түсіндіре білу;
  • код сапасына құрметпен қарау, SOLID, KISS, YAGNI, DRY және т.б. қағидаттарын түсіну және пайдалану;
  • ағылшын тілін техникалық құжаттаманы оқитын деңгейде білу. 

 

Мынаған:

  • Linux жүйелермен жұмыс істеу тәжірибесіне;
  • Elasticsearch, Apache Solr іздеу жүйелерімен жұмыс істеу тәжірибесіне;
  • Docker, Kubernetes-пен жұмыс істеу тәжірибесіне;
  • жүктемесі жоғары жүйелермен жұмыс істеу тәжірибесіне;
  • Gitlab-пен жұмыс істеу тәжірибесіне;
  • Spring Boot-пен жұмыс істеу тәжірибесіне;
  • Apache Kafka-мен жұмыс істеу тәжірибесіне басымдық беріледі.  

Біз:

  • Қазақстанның үздік e-commerce компаниясында жұмыс істеу және жұмысыңыздың нәтижесін миллиондаған пайдаланушының пайдаланып жүргенін көру мүмкіндігін;
  • мақтанышымызға айналған кәсіби команданы;
  • бизнесімізбен бірге алға қарай жылжу мүмкіндігін;
  • шешім қабылдағанда әрекет ету еркіндігін;
  • икемді жұмыс кестесін ұсынамыз.
Негізгі дағдылар
Java
SQL
Git
PostgreSQL
Linux
Oracle
Docker
HTML
CSS
Spring Framework
ElasticSearch
Spring Boot
Apache Tomcat
MongoDB
Gitlab