Middle UI Designer

Алматы (Бас офис)
Икемді кесте
|
Толық күн
|
1 жылдан 3 жылға дейін

Kaspi.kz — Қазақстандағы ірі технологиялық компания. Ай сайын біздің үздік қосымшамызды 14.7 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады.

Әрбір қазақстандықтың өмірін жақсартатын компанияға сіз де қосылыңыз. Сіздердің жауаптарыңызды күтеміз. Түйіндемеге жұмыстарыңызбен өзекті портфолионы қоса беруіңізді сұраймыз. Файлдар немесе мұрағаттар түріндегі жұмыстар қарастырылмайды.

 

Сіз мынадай сервистермен жұмыс істей аласыз:

  • Kaspi Магазин – Қазақстандағы нөмірі 1-ші E-commerce;
  • Kaspi Travel – билеттерге бронь қою бойынша нөмірі 1-ші сервис;
  • Төлемдер – қызмет ақысын төлеу бойынша нөмірі 1-ші сервис;
  • Kaspi Pay – кәсіпкерлерге арналған нөмірі 1-ші қосымша;
  • Ақшалай кредит, Зат сатып алуға Кредит, Kaspi Red, Kaspi Gold, Аударымдар, Хабарламалар, Kaspi QR, Kaspi Maps және басқалары.

Сіз Kaspi.kz цифрлық өнімдерінің жаңа көрнекі дизайны мен дизайн-жүйесін, пайдаланушылық тәжірибесін дамытып, жетілдіретін боласыз.

 

Сіз:

  • Kaspi.kz дизайн-жүйесін дамытумен, жаңартумен және жетілдірумен айналысасыз (UI/UX);
  • Тестілеу және бақылау мәселелері бойынша әзірлеушілер командасымен тығыз жұмыс істейсіз;
  • Әлемдік тәжірибені талдайсыз;
  • Бүкіл қазақстандықтар пайдаланатын Kaspi.kz өнімдерімен жұмыс істейсіз.

 

Сізге қойылатын талаптар:

  • ux/ui дизайнері ретінде 2 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар;
  • iOS және Android гайдлайндарын жетік меңгеру;
  • Дизайн-жүйелер саласындағы жалпы білім (жалпы қағидаттар, құралдар, кезеңдер, процестер);
  • Әртүрлі салада: қаржылық-технологиялық, электрондық коммерция, әлеуметтік желілер мен коммуникациялар, навигация, медиа және басқа да салаларда онлайн-сервистерді пайдалану тәжірибесі;
  • Өз шешімдерін бүкіл командаға дәлелді тілмен жеткізе білу, өз көзқарасын қорғай білу және басқаларды тыңдай білу.

 

Біз не ұсынамыз:

  • Өнімдік ұстанымы мықты, дизайнға және клиенттік тәжірибеге баса назар аударатын, жылдам дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу мүмкіндігі;
  • Миллиондаған қазақстандық күнделікті пайдаланатын өнімдерді жасау мүмкіндігі;
  • Алматы орталығындағы ең үздік офистердің бірі;
  • Компания есебінен оқыту;
  • Неғұрлым ыңғайлы жұмыс кестесін құру мүмкіндігімен офисте жұмыс істеу.