Kaspi.kz – брендтерді ілгерілету үшін маркетингтік құралдарды белсенді түрде дамытатын Қазақстандағы ірі технологиялық компания. Маркетингтік бөлім «Брендтердің жарнамасы» өнімін жақсартумен айналысады, ол компанияларға танымалдылықты арттыруға және Kaspi.kz платформасы арқылы сату көлемін ұлғайтуға көмектеседі. Медиялық жарнаманың бұл құралы мақсатты аудиторияны кеңінен қамтуды қамтамасыз етеді және серіктестердің тауар сатылымы көлемін артуына септігін тигізеді.
Немен айналысасыз:
- Жаңа өнімдер жасау және бар өнімдерді дамыту үшін стратегия/релиздер дайындау
- Әртүрлі департаменттердің және өзіңіздің әзірлеу командаңыздың жұмыстарын үйлестіру
- Міндеттерді іске асыру үшін техникалық тапсырмалар, роадмаптар жасау
- Kaspi.kz серіктестері үшін өнімдер жасау
- Деректерді талдау, нәтижені көрсету және тапсырмаларды дайындау үшін цифрларды пайдалану
- АБ-тестілер жүргізу (дизайннан және жаңа функционал оқиғаларын белгілеуден бастап нәтижені талдауға және оларды түсіндіруге дейін)
- Өнімді жақсарту үшін серіктестермен және қолдау менеджерлерімен өзара іс-қимыл жасау (өтініштерді азайту, NPS арттыру)
- Үздік сервистерді ұсыну үшін нарықты зерделеу
Талаптар:
- Әзірлеу командасын басқаратын Продакт-менеджер ретінде 2 жылдан астам жұмыс тәжірисі (мүмкіндігінше е-ком, маркетплейстер немесе классифайдтар құпталады)
- Нәтижеге қол жеткізуге қызығушылық таныту және ұмтылу.
- Деректерге бағдарлану және өнімді басқаруда клиентке негізделген тәсіл.
- Талдамалық құралдардың тәжірибелі пайдаланушысы (мысалы, Amplitude, Google Analytics, Яндекс Метрика және т.б.).
- Нәтижеге қол жеткізуге қызығушылық таныту және ұмтылу.
- Мықты коммуникативтік дағдылар, келіссөздер жүргізе білу
- Өте жақсы тайм-менеджмент және стресске төзімділік.
Біз не ұсынамыз:
- Дамыту және мансап баспалдағымен өсу;
- Ынтымағы жарасқан кәсіби Kaspi командасының бір бөлшегі болу мүмкіндігі;
- Қаланың орталығында орналасқан офис (Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154А үй, Абай даңғылынан жоғары);
- Компания есебінен оқыту, тренингтер мен курстар өткізу;
- Офистегі тегін жаттығу залы;
- Тіл оқыту курстары;
- Электрондық кітапхана – Kaspi Books және оның қолжетімді қосымшасы;
- Chill-аймақ – толық релаксация үшін: жайлы аула, workout-алаң, сондай-ақ ыңғайлы орындықтар мен әткеншектер;
- Дресс-код жоқ;
- Жеңілдік талаптармен автокредит беру.