Messenger – Kaspi.kz-тегі ең жоғары жүктемелі сервистердің бірі. Біз клиентке пушпен және смс-пен жіберілетін барлық хабарламаға жауап береміз. Смс-кодқа көптеген бизнес-процестер байланыстырылған. Сондықтан біз сервистің әрдайым қолжетімді болуы үшін жұмыс істеп жатырмыз және біздің клиенттеріміз техникалық ақаулар кезінде де өз хабарламаларын ала алады. Техникалық жақсартулармен қатар сервис те бизнес-фичтермен дамып келеді, мұның өзі жалықтырмайды.
Технологиялар жиынтығы:
- ЯП: Kotlin + coroutines
- БД: Oracle, SQL Server, JDBI
- Интеграция: REST, JMS, Kafka
- Бөлінген кэш: Redis
- Мониторинг: Prometheus, ELK
- DI: Spring Core (beans.xml)
- Server: Netty + Jersey
Немен айналысасыз:
- Жаңа сервистерді құруға қатысу және ағымдағы сервистерді қолдау;
- Ағымдағы функционалдың өнімділігі мен істен шығу тұрақтылығын жақсарту;
- Жұмыс барысында өз бетінше шешімдер қабылдау;
- Сервисті одан да жақсарту туралы идеяларды ұсыну;
- Өнімдер әзірлеуге бағытталу, бұл бизнес мәселесін шешуді білдіреді;
- Тапсырыс берушімен сөйлесу;
- Командада жұмыс істеу;
Мыналар құпталады:
- Жоғары жүктемелі сервиспен жұмыс тәжірибесі;
- Деректер базасын терең білу;
- Көп ағынмен жұмыс істеу дағдысы;
- Мониторингті баптау және түсіну тәжірибесі.