Digital Marketing Manager

Алматы (Бас офис)
Толық күн
|
1 жылдан 3 жылға дейін

Біз Kaspi.kz — Қазақстандағы ірі технологиялық компаниямыз, оның миссиясы адамдардың өмірін жақсарту. Ай сайын үздік қосымшамызды 12 млн қазақстандық пайдаланады.

Біз жобаларымызды барынша онлайн ілгерілететін мықты Digital Marketing Manager-ін іздейміз!

Сен немен айналысасың:

  • Клиенттердің, өнімдердің, нарықтың сегменттерін талдау
  • Мобильді қосымша арнасының көмегімен өнімдерді/сервистерді ілгерілету стратегияларын әзірлеу
  • Мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін клиенттермен тиімді байланыс жасай білу
  • Командалармен жұмыс. Міндеттер қою, басымдық беру, ілгерілетуді іске қосу үшін міндеттерге қойылатын мақсаттарды/талаптарды/мерзімді дұрыс тұжырымдай білу
  • Деректер негізінде шешім қабылдау дағдысы
  • Негізгі көрсеткіштерді бақылау
  • Клиенттердің өзін ұстауындағы/өнімдегі өзгерістерге тез ден қоя білу

Біз сенен не күтеміз:

  • digital маркетингте, product/project менеджментте, traffic менеджментте жұмыс істеу тәжірибесі
  • МА-ны, клиенттік базаны сегменттеуді түсіну
  • email маркетингте немесе push-хабарламаны іске қосу тәжірибесі
  • Маркетингілік көрсеткіштер мен негізгі метрикаларды есептеу дағдысы

Егер сенің:

  • A/B – тестілеуді өткізу тәжірибең;
  • метрикалармен жұмыс істеу, пайдаланушының жүріп өткен жолын талдау тәжірибең болса, керемет болар еді

Біз не ұсынамыз:

  • Дамыту және мансап баспалдағымен өсу;
  • Ынтымағы жарасқан кәсіби Kaspi командасының бір бөлшегі болу мүмкіндігі;
  • Қаланың орталығында орналасқан офис (Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154А үй, Абай даңғылынан жоғары);
  • Компанияның есебінен оқыту, тренингтер мен курстар өткізу;
  • Офистегі тегін жаттығу залы;
  • Тіл оқыту курстары;
  • Электрондық кітапхана – Kaspi Books және оның қолжетімді қолданбасы;
  • Сhill-аймақ жан-жақты релаксация үшін:) жайлы аула, workout-алаң, сондай-ақ ыңғайлы орындықтар мен әткеншектер;
  • Дресс-код жоқ;
  • Жеңілдік талаптармен автокредит беру.