Kaspi.kz-тегі Магазин – бұл бірегей сервис, электрондық коммерцияның мультикатегориялық платформасы және Қазақстан нарығындағы ең ірі e-commerce. Біз миллиондаған клиенттердің күніне жүздеген мың тапсырыс жасап, оларды уақытында алуына жәрдемдесеміз. Біз серіктестік қатынастарды дамытып, клиенттердің үздік нәтижелерге жетуіне көмектесетін бастамашыл және коммуникабельді Category Manager-ді іздеудеміз.
Атқаратын міндеттер:
- Ассортиментті басқару: жаңа SKU-ларды енгізу, тиімсіз позицияларды қысқарту, бестселлерлер мен slowmover-лермен жұмыс
- Бәсекелестердің бағаларын мониторингтеу және баға саясатын басқару
- Санат бойынша промо және маркетингтік белсенділіктерді жоспарлау және іске асыру
- Негізгі сатушылар мен брендтерді дамыту, GMV мен SKU санын арттыру
- Серіктестермен келіссөздер жүргізу: шарттар, мотивация, эксклюзивтер
- Тұрақты аналитиканы құру: есептер, дэшбордтар, гипотезалар және қорытындылар
- Бизнес-метрикаларға әсер ететін кросс-функционалды жобаларды іске қосу және басқару
Қойылатын талаптар:
- Категориялық менеджментте, e-commerce саласында немесе бөлшек саудада (Fashion, Зергерлік бұйымдар, Үй және бақ өнімдері бағыттарының бірінде) кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі
- Күшті аналитикалық дағдылар, Excel-ді жоғары деңгейде меңгеру, BI-құралдарын білу
- Негізгі бизнес-метрикаларды түсіну: сатылым, маржа, айналымдылық, ROI
- Келіссөз жүргізу дағдылары, серіктестік қатынастарды жүргізу
- Өзгерістерге жылдам бейімделу, дербестік, нәтижеге бағыттану
- Маркетплейстермен (Kaspi, Wildberries, Ozon, Amazon және т.б.) жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық болып саналады
Біз не ұсынамыз:
- Даму және мансаптық өсу мүмкіндігі
- Ынтымағы жарасқан кәсіби Kaspi командасының бір бөлшегі болу мүмкіндігі
- Қаланың орталығында орналасқан офис (Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154А үй, Абай даңғылынан жоғары);
- Офистегі тегін жаттығу залы
- Электрондық кітапхана – Kaspi Books және оның қолжетімді қосымшасы
- Chill-аймақ – толық релаксацияға арналған жайлы аула, workout-алаң, сондай-ақ ыңғайлы орындықтар мен әткеншектер :)
- Дресс-код жоқ
- Жеңілдетілген автонесие