Есепші

Алматы, Астана, Семей, Талдыкорган, Өскемен
Толық күн
|
Ауысымды кесте
|
Тәжірибесі қажет емес

Сипаттамасы:

  • Есепші Банк филиалдарының шаруашылық және әкімшілік-басқару қызметі бойынша дебиторлармен және кредит берушілермен жүргізілген операциялардың орталықтандырылған есебін жүргізеді;
  • дебиторлық және кредиторлық берешекті Банктің балансының тиісті шоттарына уақытылы аударады, шығынның бюджеттік кодтарын және есептік операциялардың кодтарын (ЕОК) дұрыс қояды;
  • Банк филиалдарының әкімшілік-шаруашылық қызметіне байланысты сыртқы және ішкі төлемдерді жүргізеді;
  • есептеу әдісіне сәйкес алдағы кезеңдердің шығысының, Банктің шығысын алдын ала есептеу бойынша операциялардың есебін жүргізеді.

Қойылатын талаптар:

  • жоғары білім (бухгалтерия, қаржы, экономика);
  • бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
  • бухгалтерлік есеп учаскелері бойынша құжат айналымын ұйымдастыру;
  • негізгі құралдардың, тауар-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды құжаттамалық ресімдеу және бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібі;
  • қаржылық қызметтерді ұсыну немесе реттеу саласындағы кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі.

Жасалатын жағдай:

  • 5 күндік жұмыс аптасы;
  • бекітілген айлық және бонус;
  • еңбек ақысының уақытылы төленуі;
  • қаланың орталығындағы жайлы офис.

 

Ұқсас бос жұмыс орындары