Product Designer

Алматы
Толық күн
|
2 жылдан 4 жылға дейін
|
3 жылдан 6 жылға дейін

Kaspi.kzҚазақстандағы ірі технологиялық компания. Ай сайын біздің үздік қосымшамызды 14.7 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады.

Әрбір қазақстандықтың өмірін жақсартатын компанияға сіз де қосылыңыз. Сіздердің жауаптарыңызды күтеміз. Түйіндемеге жұмыстарыңызбен өзекті портфолионы қоса беруіңізді сұраймыз. Файлдар немесе мұрағаттар түріндегі жұмыстар қарастырылмайды.

 

Міндеттері

- Пайдаланушылардың мәселелері мен қажеттіліктерін анықтау, оларды шешу тәсілдерін ұсыну;

- Ресечерлер командасымен бірге сандық, сапалық зерттеулерді, терең сұхбаттар мен usability сынақтарын өткізу;

- Барлық әлемдік UX шешімдерін талдау;

- Өміршеңдігін жылдам бағалау үшін өз шешімдерін прототиптер түрінде ойластыру, сондай-ақ егжей-тегжейлі макеттерді, барлық өтпелерді, өзара іс-қимылдарды, корнер кейстерін пысықтау;

- Өнімдеріміздің дамуын анықтау үшін өнім менеджерлерімен, талдаушылармен, зерттеушілермен және әзірлеушілермен бірге жұмыс істеу.

 

Талаптар

- ux/ui дизайнердің 2 жылдан астам жұмыс тәжірибесі;

- Цифрлық өнімдерді әзірлеу тәжірибесінақты мәселелерді шешетін және адамдар пайдаланатын қосымшалар/сайттар.

- Техникалық, заңнамалық және бизнес-шектеулерді ескере отырып, керексіз нәрселерді жасыра білу;

- Финтех, электрондық коммерция, әлеуметтік желілер мен коммуникациялар, навигация, медиа және т.б. салаларда онлайн-сервистерді пайдаланудың ауқымды жеке тәжірибесі;

- Өз шешімдерін бүкіл командаға жеткізе білу, өз көзқарасын қорғай білу және басқаларды тыңдай білу.

 

Жұмыс шарттары

Өнімдік ұстанымы мықты, дизайнға және клиенттік тәжірибеге баса назар аударатын, жылдам дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу мүмкіндігі;

Күн сайын миллиондаған қазақстандықтар пайдаланатын өнімдерді жасау мүмкіндігі;

Алматының орталығындағы ең үздік кеңселердің бірі;

Компанияның есебінен оқыту;

Ыңғайлы жұмыс кестесін құру мүмкіндігімен кеңседе жұмыс жасау.