Сипаттамасы:
Kaspi.kz – бұл миссиясы адамдардың өмірін жақсарту болып табылатын жоғары технологиялық компания. Біз клиенттерімізге мемлекеттік сервистерді пайдалануға көмектесетін, мысалы: көлікті тіркеуден шығару, жәрдемақы, зейнетақыны голдқа алу, ЖК ашу, цифрлық құжаттар және тағы басқа мемлекеттік қызметтер бөлімінің бірегей қызметтеріміз.
Қазіргі таңда Мемлекеттік қызметтер командасына .Net developer іздеп жатырмыз.
Kaspi.kz-тегі мемлекеттік қызметтері. Мемлекеттік қызметтер – бұл жүктемесі жоғары сервистер, түрлі жобалар, ІІМ, ХҚКО, Әділет министрлігі, Білім және ғылым министрлігі сияқты және тағы басқа сыртқы құрылымдармен интеграция. Жобалардың барлығы әртүрлі және қызықты.
Сіз:
- жаңа сервистерді жасауға қатысасыз және ағымдағы сервистерге қолдау көрсетесіз;
- жұмыс барысында өз бетіңізше шешім қабылдайсыз;
- өнім әзірлеуге бағытталасыз, бұл бизнес мәселені шешуді білдіреді;
- сервисті қалай жақсарту жайлы өз идеяларыңызды ұсынасыз;
- • рефакторингке әрдайым уақыт бөлесіз.
Сізге қойылатын талаптар:
- кемінде 3 жыл C# тілінде әзірлеу тәжірибесі;
- әзірлеуде ОББ сенімді қолдану;
- HTTP REST, SOAP механизмдерін білу және пайдалану тәжірибесі;
- XML/JSON сериализациясымен/десериализациямен жұмыс істеу тәжірибесі;
- SOA сәулетін жақсы түсіну;
- БД MS SQL, REDIS/MEMCACHE ДБ-мен жұмыс істеу тәжірибесі
- ойын түсінікті әрі жүйелі жеткізе білу, күрделі нәрселерді түсінікті тілмен түсіндіре білу;
- код сапасына құрметпен қарау;
- ағылшын тілін техникалық құжаттаманы оқитын деңгейде білу.
Мынаған:
- өнімдік ортада IIS үшін қосымшаларды өрбіту тәжірибесі бар;
- CPU/MEMORY бойынша қосымшаны бейіндей білетін;
- CLR, GC жұмысының логикасын түсетін;
- CQRS паттерн жөнінде білетін және қолдана алатын;
- жүктемесі жоғары деректер базасымен жұмыс істеу тәжірибесі бар адамға басымдық беріледі.
Біз:
- Қазақстанның үздік e-commerce платформасында жұмыс істеу және жұмысыңыздың нәтижесін миллиондаған пайдаланушының пайдаланып жүргенін көру мүмкіндігін;
- мақтанышымызға айналған кәсіби команданы;
- бизнесімізбен бірге алға қарай жылжу мүмкіндігін;
- шешім қабылдағанда әрекет ету еркіндігін;
- икемді жұмыс кестесін ұсынамыз