Middle/Senior Communication Designer

Алматы
Икемді кесте
|
Толық күн
|
1 жылдан 3 жылға дейін

Kaspi.kz — Қазақстандағы ірі технологиялық компания. Ай сайын біздің үздік қосымшамызды 14.7 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады.

Әрбір қазақстандықтың өмірін жақсартатын компанияға сіз де қосылыңыз. Сіздердің жауаптарыңызды күтеміз. Түйіндемеге жұмыстарыңызбен өзекті портфолионы қоса беруіңізді сұраймыз. Файлдар немесе мұрағаттар түріндегі жұмыстар қарастырылмайды.

 

Сіз мынадай сервистермен жұмыс істей аласыз:

● Kaspi Магазин – Қазақстандағы нөмірі 1-ші E-commerce;

● Kaspi Travel – билеттерге бронь қою бойынша нөмірі 1-ші сервис;

● Төлемдер – қызмет ақысын төлеу бойынша нөмірі 1-ші сервис;

● Kaspi Pay – кәсіпкерлерге арналған нөмірі 1-ші қосымша;

Ақшалай кредит, Зат сатып алуға Кредит, Kaspi Red, Kaspi Gold, Аударымдар, Хабарламалар, Kaspi QR, Kaspi Maps және басқалары.

 

Сіз:

  • Kaspi-дің барлық көрнекі ішкі және сыртқы коммуникацияларын дамытасыз және қолдайсыз;
  • Ішкі іс-шараларды ресімдейсіз;
  • Түрлі онлайн және офлайн материалдардың бірегей дизайнын жасайсыз;
  • Түрлі департаменттер үшін презентацияларды ресімдейсіз;
  • Өзіңіздің күнделікті міндеттеріңізге нейрожелілерді белсенді енгізесіз;
  • Түрлі мерчтер мен сыйлықтар әзірлейсіз.

 

Сізден не күтеміз:

  • Adobe және Figma пакетін меңгергенсіз;
  • Графикалық дизайнда 3 жылдан астам жұмыс тәжірибеңіз бар;
  • Креативті тұлғасыз және түрлі жаңа идеялар ұсына аласыз;
  • Фотосуреттерді өңдей аласыз;
  • Цифрлық және офлайн ортамен жұмыс істей аласыз;
  • Баспахана мен қаріп композициясын жақсы түсінесіз;
  • Үнемі дамығыңыз келеді;
  • Сізде міндетті түрде аяқталған жобалармен мықты портфолио бар.

 

Біз не ұсынамыз:

Өнімдік ұстанымы мықты, дизайнға және клиенттік тәжірибеге баса назар аударатын, жылдам дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу мүмкіндігі;

● Жұмыс кестесі 9:00-ден 18:00-ге дейін (5/2);

● Фотосуреттер қорына қолжетімділік;

● Алматының орталығындағы Kaspi-дің бас офисінде жұмыс істеу.