Инкассатор- Сборщик

Астана
Толық күн
|
Ауысымды кесте
|
1 жылдан 3 жылға дейін

Сіз мықты әрі төзімдісіз бе? Денеңіз жақсы шыныққан ба? Айналаңызға сақ және әдеттен тыс жағдайларда тез қимылдайсыз ба? Ер мінезділік пен адалдық қасиеттері бойыңыздан табыла ма? Біз сеніп тапсырылған бағалы жүктің сақтаулы үшін жауапкершілік атқаруға дайын өз ісінің шеберлерін іздейміз.

Сізге қойылатын талаптар:

  • инкассациялау тәртібіне қатысты ҚР заңнамасын білу;
  • әдеттен тыс жағдайларда өз бетінше тез шешім қабылдай білу;
  • табельдік қаруды жетік қолдана білу;
  • инкассациялаудағы не болмаса ҚР ІІМ қызметіндегі жұмыс тәжірибесіне басымдық беріледі.

Сіз:

  • ақшалай қаражатты қабылдайсыз;
  • ақшалай қаражат пен бағалы жүктерді жинайсыз және жеткізесіз;
  • ілеспе құжаттаманы мұқият жүргізесіз;
  • дене даярлығын және ату дағдыларын дамытасыз.

Біз:

  • үздік жекелеп сату Банкінде жұмыс істеу мүмкіндігін;
  • қызықты және сенімді жұмыс істеуге ынталандыратын кәсіби мамандар ұжымын;
  • тұрақты жалақы ұсынамыз.