Kaspi.kz-тегі Магазин – бұл бірегей сервис, электрондық коммерцияның көп санатты платформасы және Қазақстан нарығындағы ең ірі e-commerce-тің бірі.
Біз миллиондаған пайдаланушылардың күніне жүздеген мың тапсырыс беріп, оларды уақытында алуын қамтамасыз етеміз.
Kaspi.kz-тегі Магазин бағыттар бойынша бөлінген шағын командалар болып жұмыс істейді, біз әзірлеуде agile әдістемесін қолданамыз, ахуалды артық бюрократиямен бүлдірмейміз және өз өніміміз үшін толық жауапкершілік атқарамыз.
Сіз:
- web-қосымшаны тестілейсіз (frontend & backend/mobile & desktop);
- қолмен тестілейсіз (регрессиялық, функционалдық);
- тест-кейстерді, чек-парақтарды, тест-жоспарларды жазасыз;
- қателерді анықтайсыз, багтарды құжаттаумен айналысып, оларды қадағалайсыз;
- әзірлеу тобымен өзара әрекет етесіз;
- баг-трекинг жүйесімен жұмыс істейсіз.
Сізге қойылатын талаптар:
- web-қосымшаларды (frontend & backend/mobile & desktop) тестілеу тәжірибесі 1 жылдан асады;
- БҚ-ны әзірлеу процестерін түсіну;
- тестілеу әдістері мен әдістемелерін білу;
- баг-трекер жүйелерімен жұмыс тәжірибесі;
- TMS-мен жұмыс тәжірибесі (тест-кейстерді жобалай алу);
- тест құжаттамасын құра білу;
- өз ойын анық және сауатты тұжырымдай білу;
- сұрақ қоя білу;
- дербестік, жауапкершілік, тестілеу процесіне түсінуге деген ниеті.
Мынаған:
- API-мен жұмыс тәжірибесіне (SoapUI\Postman);
- Gitlab-пен жұмыс тәжірибесіне;
- логтарды оқи алуға;
- json және xml құрылымдарын түсінуге
- Chrome DevTools-мен жұмыс тәжірибесіне басымдық беріледі.
Біз:
- Қазақстанның үздік e-commerce компаниясында жұмыс істеу және жұмысыңыздың нәтижесін миллиондаған пайдаланушының пайдаланып жүргенін көру мүмкіндігін;
- мақтанышымызға айналған кәсіби команданы;
- бизнесімізбен бірге алға қарай жылжу мүмкіндігін;
- шешім қабылдағанда әрекет ету еркіндігін;
- икемді жұмыс кестесін ұсынамыз.