Junior Product Analyst

Алматы (Бас офис)
Толық күн
|
Тәжірибесі қажет емес

Kaspi.kz — Қазақстандағы ең ірі технологиялық компаниялардың бірі. Компанияның қосымшасын ай сайын 16 миллионнан астам адам пайдаланады. Қосымшадағы кез келген маңызды өзгеріс — идеяның пайда болуынан бастап оны тексеру және іске асыруға дейін — өнімдік аналитика командасының қатысуымен жүзеге асады.

Қазіргі таңда біз өз ісіне қызығушылықпен қарайтын Junior деңгейіндегі мамандарды іздейміз.

Егер деректерден алынған қорытындылардың миллиондаған пайдаланушы мен бизнеске нақты әсер еткенін көргіңіз келсе, бұл мүмкіндік сіз үшін.

Сіз немен айналысасыз?
 • Әртүрлі клиенттік деректерді талдап, пайдаланушылардың мінез-құлқын зерттейсіз.
 • Гипотезалар ұсынып, оларды A/B тесттері және басқа да тәжірибе әдістері арқылы тексересіз.
 • Өнімдік метрикаларды талдап, анықталған мәселелерді нақты шешімдерге айналдырасыз.
 • AI көмекшілерін пайдаланып, жұмысты жылдамдатып, қайталанатын процестерді автоматтандырасыз.

Біз қандай үміткерді іздейміз?
 • Техникалық немесе экономикалық мамандық бойынша университетті тәмамдаған немесе соңғы курста оқып жүрген.
 • SQL және Python тілдерін бастапқы деңгейде меңгерген.
 • Құрылымды ойлай алатын, күрделі міндеттерді бөліктерге бөліп, негізгі мәселені анықтай білетін.
 • Біздің өнімдерге қызығушылық танытып, өз гипотезаларын дәлелдеп, пікірін негіздей алатын.

Артықшылық болады:
 • Ықтималдық теориясы мен статистика негіздерін білсеңіз.
 • Кейс-чемпионаттарға, хакатондарға қатысқан болсаңыз немесе аналитика бойынша курстардан өткен болсаңыз (мысалы, Karpov Courses, Go Practice).
 • Claude Code, Codex және басқа AI құралдарымен жұмыс тәжірибеңіз болса.

Біз не ұсынамыз?
 • Өзара қолдау мен кәсіби дамуға мән беретін мықты командада жұмыс.
 • Бәсекеге қабілетті жалақы, айқын грейд жүйесі, жеке даму жоспары және менторлық қолдау.
 • Заманауи аналитикалық құралдармен жұмыс істеу мүмкіндігі (A/B тестілеу платформасы, AI-пен жұмыс істеуге арналған білім базасына MCP қосылымы) және миллиондаған пайдаланушыға әсер ететін эксперименттер жүргізу мүмкіндігі.
 • Алматы қаласының орталығындағы кеңсе (Наурызбай батыр көшесі, 154А), компания есебінен оқыту, тіл курстары және басқа да бенефиттер.