Сипаттамасы:
Kaspi.kz-тегі Магазин – бұл бірегей сервис, электрондық коммерцияның көп санатты платформасы және Қазақстан нарығындағы ең ірі e-commerce-тің бірі. Біз миллиондаған пайдаланушылардың күніне жүздеген мың тапсырыс беріп, оларды уақытында алуын қамтамасыз етеміз.
Kaspi.kz-тегі Магазин бағыттар бойынша бөлінген шағын командалар болып жұмыс істейді, біз әзірлеуде agail әдістемесін қолданамыз, ахуалды артық бюрократиямен бүлдірмейміз және өз өніміміз үшін толық жауапкершілік атқарамыз.
Сіз:
- жаңа сервистерді жасауға қатысасыз және ағымдағы сервистерге қолдау көрсетесіз;
- жұмыс барысында өз бетіңізше шешім қабылдайсыз;
- сәулет шешімдеріне қатысасыз;
- команда бойынша әріптестердің кодына code review жүргізесіз;
- өнім әзірлеуге бағытталасыз, бұл бизнес мәселені шешуді білдіреді;
- сервисті қалай жақсарту жайлы өз идеяларыңызды ұсынасыз.
Сізге қойылатын талаптар:
- JS (Vue)-де кемінде 2 жыл коммерциялық әзірлеу тәжірибесі;
- Typescript, Nuxtjs, JSX-пен жұмыс істеу тәжірибесі;
- Git нұсқаны бақылау жүйесімен жұмыс істеу тәжірибесі;
- ойын түсінікті әрі жүйелі жеткізе білу, күрделі нәрселерді түсінікті тілмен түсіндіре білу;
- код сапасына құрметпен қарау;
- ағылшын тілін техникалық құжаттаманы оқитын деңгейде білу.
Мынаған:
- Webpack-пен жұмыс істеу тәжірибесі бар;
- ресурстарды жүктеуді оңтайландыру тәжірибесі бар;
- Docker-мен жұмыс істеу тәжірибесі бар;
- жүктемесі жоғары жүйелермен жұмыс істеу тәжірибесі бар адамға басымдық беріледі.
Біз:
- Қазақстанның үздік e-commerce платформасында жұмыс істеу және жұмысыңыздың нәтижесін миллиондаған пайдаланушының пайдаланып жүргенін көру мүмкіндігін;
- мақтанышымызға айналған кәсіби команданы;
- бизнесімізбен бірге алға қарай жылжу мүмкіндігін;
- шешім қабылдағанда әрекет ету еркіндігін;
- икемді жұмыс кестесін ұсынамыз.