Middle Java Developer, CRM

Алматы (Бас офис)
Толық күн
|
2 жылдан 4 жылға дейін

Kaspi-дің клиенттеріне көмек пен ақпарат беру үшін әлеуметтік желілер және басқа да интернет платформалар арқылы Kaspi-дің клиенттерімен әртүрлі байланыс арналарын интеграциялау процестері.

Сіз:

  • түрлі әлеуметтік желілермен және интернет сайттармен интеграциялауға қатысасыз;
  • жұмыс барысында өз бетіңізше шешім қабылдайсыз;
  • архитектуралық шешімдерге қатысасыз;
  • команда бойынша әріптестердің кодына code review жүргізесіз;
  • өнім әзірлеуге бағытталасыз, бұл бизнес мәселені шешуді білдіреді;
  • сервисті қалай жақсарту жайлы өз идеяларыңызды ұсынасыз. 

Сізге қойылатын талаптар:

  • Java-дағы коммерциялық әзірлеу тәжірибесі кемінде 2 жыл;
  • linux-пен жұмыс істеу тәжірибесі бар;
  • Git нұсқаларын бақылау жүйесімен жұмыс істеу тәжірибесі бар;
  • REST API-ды түсіну.

Мынаған:

  • ресурстарды жүктеуді оңтайландыру тәжірибесіне;
  • Linux-ті білу және CI/CD баптау тәжірибесіне;
  • жүктемесі жоғары жүйелермен жұмыс істеу тәжірибесіне;
  • танымал кітапханалар мен java плагиндерімен жұмыс істеу тәжірибесіне басымдық беріледі.

Біз:

  • Қазақстанның үздік қаржылық технологиялар компаниясында жұмыс істеу және жұмысыңыздың нәтижесін миллиондаған пайдаланушының пайдаланып жүргенін көру мүмкіндігін;
  • мақтанышымызға айналған кәсіби команданы;
  • бизнесімізбен бірге алға қарай жылжу мүмкіндігін;
  • шешім қабылдағанда әрекет ету еркіндігін ұсынамыз.