Kaspi.kz — Қазақстандағы ірі технологиялық компания. Ай сайын біздің үздік қосымшамызды 12 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады.
Біз middle+ деңгейінен жоғары Digital Marketing Manager іздейміз. Бұл маман digital-коммуникациялар үшін және деректерге негізделген маркетингтік бастамаларды басқару үшін жауапты болады. Рөл жобалық сипатта, идеяларды генерациялауға, міндеттерді қоюға және тиімділікті талдауға үлкен фокус жасалады.
Атқаратын міндеттер:
Клиенттер сегменттерін, өнімдерді және нарықты талдау;
Мобильді қосымша арнасы арқылы өнімдер/сервистерді ілгерілету стратегияларын әзірлеу;
Мақсатты көрсеткіштерге жету үшін клиенттермен тиімді коммуникациялар құру;
Командалармен жұмыс: міндеттерді қою, басымдықтарды анықтау, ілгерілетуді іске қосу үшін мақсаттарды/талаптарды/мерзімдерді дұрыс тұжырымдау;
Деректерге сүйене отырып шешім қабылдау;
Негізгі көрсеткіштерді бақылау;
Клиенттер мен өнім мінез-құлқындағы өзгерістерге жылдам әрекет ету.
Қойылатын талаптар:
Digital маркетингте, product/project менеджментте немесе traffic менеджментте жұмыс тәжірибесі;
Мақсатты аудиторияны (ЦА) және клиенттік базаны сегменттеуді түсіну;
Email маркетингте немесе push-хабарламаларды іске қосуда тәжірибе;
Маркетингтік көрсеткіштерді және негізгі метрикаларды есептей білу;
A/B тесттерін жүргізу тәжірибесі;
Метрикалармен жұмыс істеу, пайдаланушы жолын (user journey) талдау тәжірибесі.
Біз не ұсынамыз: