SMM-специалист

Алматы (Бас офис)
Тәжірибесі қажет емес
|
1 жылдан 3 жылға дейін

Міндеттері:

  • әлеуметтік желілер үшін мәтін, айдар, суреттер мен бейнероликті қоса алғанда, контент жасау;
  • барлық әлеуметтік желілерге жарияланымдарды орналастыру;
  • әлеуметтік желілерде топтарды, арналарды, қауымдастықтарды ресімдеу және дамыту;
  • контент-жоспар әзірлеу;
  • белгілі бір платформаға бағытталған және компанияның жалпы мақсаттарына сәйкес келетін маркетингтік стратегияларды әзірлеу және ендіру;
  • әлеуметтік желілерде түрлі ауқымдағы науқандар өткізу (жаңа өнімдерді іске қосу, ақпараттық науқандар, конкурстар және т.б.);
  • компанияның және оның бәсекелестерінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына мониторинг жүргізу және талдау;
  • көрсеткіштерді, стратегияларды, әлеуметтік желілердегі науқандарды талдау, аналитикалық құралдарды қолдана отырып, әлеуметтік стратегиялар мен науқандар туралы есептерді дайындау және таныстыру;
  • әлеуметтік желілердегі, маркетингтегі, технологиялардағы және жарнамадағы трендтер мен құралдардан хабардар болу;
  • әлеуметтік желілерде компанияның PR-саясатын жүргізу;
  • аудиторияны топтар мен парақшаларға тарту, сондай-ақ оның қатысуын арттыру бойынша ынталандыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
  • сәйкес қауымдастықтарды табу, берілген тақырыптарды енгізу және алдыңғы қатарға шығару;
  • дизайнерлер үшін брифтер, техникалық тапсырмалар дайындау, иллюстрация жасаған кезде бірлесіп жұмыс істеу, мерзім мен сапаны бақылау;
  • компанияның, өнімдер мен сервистердің әлеуметтік желілерде болуының стратегиялық жоспарын құруға қатысу;
  • жұмысқа қажетті ақпаратты алу үшін компанияның басқа бөлімшелерінің қызметкерлерімен өзара әрекет ету;
  • әлеуметтік желілердегі компанияның парақшаларының ағымдағы көрсеткіштерін жақсарту бойынша қорытындылар мен ұсыныстар.

Қойылатын талаптар:

  • мүмкіндігінше маркетинг, PR, IT немесе экономика саласындағы жоғары білім;
  • SMM-ді жақсы білу, SEO-ны түсіну;
  • Facebook, Instagram, Vkontakte және т.б. әлеуметтік желілерімен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы;
  • SMM-жобаларды іске асырудағы практикалық тәжірибесінің болуы;
  • қоғамдастықтың мақсатты аудиториясын, қатысуын арттыруға көмектескен сәтті кейстерінің болуы;
  • кез келген тақырыпқа сауатты әрі қызықты жаза білу;
  • түсінікті әрі толыққанды брифтер мен техникалық тапсырмалар жаза білу;
  • фотосуреттерді өңдеуге, суреттер жасауға және графикалық ақпаратқа арналған графикалық редакторларда жұмыс істеу дағдысының болуы;
  • жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын болу және нәтижеге жұмыс істей білу;
  • орыс тілінде сауатты жазу;
  • эрудиция және әзілді түсіне білу;
  • жылдам шешім қабылдау қабілеті;
  • көлемді ақпаратпен жұмыс істеу дағдысының болуы;
  • тапсырыстардағы басымдықты дұрыс қоя білу;
  • жоғары деңгейде қарым-қатынас жасау;
  • таныстыру дағдысының болуы;
  • икемді, екпінді, жүйелі ойлау қабілеті;
  • талдаумен жұмыс істей білу, MS Excel-ді жақсы білу;
  • әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу тәжірибесі;
  • жарнамалық науқандарды жүргізу және кейіннен оңтайландыру арқылы таргеттеу тәжірибесінің болуы;
  • пікір қалыптастырушылармен өзара жұмыс істеу дағдысының болуы;
  • HTML, WIKI-белгілеуді білу.

Жасалатын жағдай:

  • жұмыс кестесі: 5/2, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін;
  • қаланың орталығындағы жайлы офис;
  • еңбек ақысының уақтылы төленуі;
  • мансап баспалдағымен көтерілу және кәсіби өсу мүмкіндігі.