2022 жылы Market.kz-тің Kaspi.kz-пен үлкен интеграциясы орын алды. Қазір ол Kaspi.kz-тегі Хабарландыру болып өзгерді — айына 12,5 миллион қазақстандық пайдаланатын Kaspi.kz экожүйесінің бір бөлігіне айналған general classified.
Kaspi.kz-тегі Хабарландыру сервисінің арқасында жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерде тауарларды қауіпсіз және тегін сату, сатып алу немесе айырбастау, қызметтерді ұсыну және алу мүмкіндігі пайда болды.
Біз Kaspi Жұмыс/Хабарландыру командасына Site Reliability Engineer іздейміз, сізден инфрақұрылымның сенімділігі, өнімділігі және ауқымдылығы үшін жауап беру талап етіледі. Сіз әзірлеу мен пайдалану арасындағы процестерді автоматтандыра отырып жұмыс істейтін боласыз.
Негізгі міндеттер:
• Kubernetes негізінде production-инфрақұрылымды қолдау және дамыту
• GitLab-та CI/CD пайплайндарды баптау және оңтайландыру
• Prometheus, VictoriaMetrics, Grafana пайдалана отырып жүйелерге мониторинг жүргізу
• Vector/Elasticsearch/Kibana арқылы логтарды орталықтан жинау және талдау
• Ansible және bash-скрипт көмегімен дағдылы міндеттерді автоматтандыру
• Оқыс оқиғаларды тергеуге және post-mortem талдау жүргізуге қатысу
• Алертинг жүйесін баптау және қолдау
• Инфрақұрылым мен процестерді құжаттандыру
Қойылатын талаптар
Операциялық жүйелер мен құралдар
CI/CD және автоматтандыру:
Мониторинг және логтау:
• Prometheus-та метрикаларды жинау және сақтау принциптерін түсіну, мониторинг деректерін талдау үшін PromQL-сұратуларды жазу тәжірибесі
• Метрикаларды визуализациялау үшін дашбордтар жасай білу, data sources баптау және Grafana-да жүйелерге мониторинг жүргізу үшін графиктерді түсіндіру
• Логтарды орталықтан жинау және талдау үшін ELK-стекпен жұмыс істеу дағдылары, Kibana-да қарапайым сұратуларды жаза білу • alerting rules және метриктер мен логтар негізінде хабарламаларды баптау тәжірибесі, оқыс оқиғалардың кезеңдерінің принциптерін түсіну
Қосымша технологиялар:
• Nginx-ті веб-сервер және reverse proxy ретінде баптау тәжірибесі, виртуалды хост пен load balancing конфигурациясын түсіну
• Деректерді оқу және талдау үшін SQL-сұратуларды жазудың базалық дағдылары, реляциялық деректер базасының жұмыс принциптерін түсіну;
• PHP/Go/Python тізімінен бағдарламалау тілдерінің бірінің кодын оқу деңгейінде түсіну.
Мыналар құпталады:
• Құпияларды басқару үшін HashiCorp Vault-пен жұмыс істеу тәжірибесі, credentials және токендерді қауіпсіз сақтау принциптерін түсіну
• GitOps-тәсілмен таныс болу және ArgoCD арқылы қосымшаларды автоматты түрде орналастыруды баптай алу і
• SRE тапсырмаларын автоматтандыру және жұмыс тиімділігін арттыру үшін AI құралдарын қолдану мүмкіндіктері туралы негізгі түсінігі болу
• Diagram-as-code (мысалы, Mermaid, PlantUML, D2 Diagrams) құралдарымен инфрақұрылымдық диаграммалар мен схемаларды құру дағдылары
• SLI/SLO/SLA және error budget
ұғымдарын түсіну
Біз не ұсынамыз
• Заманауи технологиялық стекпен жұмыс істеу
• Архитектуралық шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі
• Кәсіби даму және оқу
• Қолайлы жұмыс жағдайлары