Product Analyst

Алматы (Бас офис)
Толық күн
|
1 жылдан 3 жылға дейін

Сипаттамасы:

Kaspi.kz – Қазақстандағы ірі IT-компания. Ай сайын біздің үздік қосымшамызды 11 млн қазақстандық пайдаланады.

Өнімдерді талдаушылар Kaspi.kz қосымшасының өнім әзірлейтін командаларына UX-ті жақсартуға және тезірек дамуға көмектеседі. Біз дамыту нүктелерін іздеу, гипотезаларды ұсыну және тексеру, A/B эксперименттерін іске қосу арқылы Kaspi.kz өнімдерін барынша ыңғайлы етуге жәрдемдесетін өнімдерді талдаушыны іздейміз.

Сіз мынадай сервистермен жұмыс істей аласыз

  • Kaspi.kz-тің SuperApp (Kaspi Магазин, Kaspi Travel, Ақшалай Кредит, Зат сатып алуға Кредит, Kaspi Red, Kaspi Gold, Аударым, Төлемдер, Хабарлама, Kaspi QR, Kaspi Maps және т.б.);
  • Kaspi Pay-дің SuperApp (Kaspi QR-пен төлем қабылдау, Магазиндегі сатушы кабинеті, Жеке Банк, Бизнес-Кредит, Аударым, Төлемдер және т.б.).

Сіз:

  • Өнімдеріміздің көрсеткіштерін талдасыз, өсу нүктелерін және клиенттік жолдың проблемалық жақтарын табасыз;
  • Пайдаланушылардың проблемалары мен қажеттіліктерін анықтайсыз, оларды шешу тәсілдерін ұсынасыз;
  • пайдаланушылардың көрсеткіштері мен анықталған проблемаларын талдау негізінде гипотезаларды ұсынасыз және тексересіз;
  • Эксперименттерді жоспарлайсыз, іске қосасыз және талдайсыз;
  • Өнім дизайнерлерімен және зерттеушілермен үнемі өзара әрекет етесіз;
  • Гипотезаларды тексеру немесе қандай да бір процестерді/өнімдерді талдау үшін оңтайлы метрикаларды ойластырасыз;
  • Команданың талдауға қажеттілігін өз бетінше анықтайсыз және деректерде қажетті жауаптарды табасыз;
  • Өнімдерді әзірлейтін командалар үшін дашбордтар, есептер жинайсыз.

Қойылатын талаптар:

  • 1 жыл product/data-талдаушы болып істеген жұмыс тәжірибесі;
  • деректерді жүктеу және өңдеу үшін SQL
  • Python және талдаушыларға арналған Pandas, Numpy сияқты кітапханалар
  • статистика негіздері
  • жоғарыдағы құралдардың көмегімен:
      • өнімдік метрикаларды, воронкалар, retention есептеу;
      • АБ тестінің нәтижелерін есептеу және қорытындылау
  • ағылшын тілі – нұсқаулықтар мен техникалық мақалаларды оқу деңгейінде;
  • егжей-тегжейлерге назар аудару, мерзімге қатысты жауапкершілік, өз шешімдері үшін жауапкершілік;
  • өз көзқарасын дәлелді қорғай білу және басқалардың көзқарасын ести білу.
  •