Kaspi Marketing .Net developer

Алматы (Бас офис)
3 жылдан 6 жылға дейін

Сипаттамасы:

 

Kaspi.kz — бұл миссиясы адамдардың өмірін жақсарту болып табылатын жоғары технологиялық компания. Біз сүйікті клиенттеріміздің төлем, сауда жасауына және жеке қаржысын басқаруына көмектесетін бірегей сервистерді әзірлейміз.

Қазір біз Kaspi.kz-тегі Маркетинг командасына .Net developer іздеп жатырмыз.

Kaspi Marketing — бұл Kaspi.kz  серіктестеріне науқандарға қатысу және Kaspi.kz қосымшасында тауарлардың жарнамасын іске қосу арқылы сатылымды арттыруға мүмкіндік беретін жүктемесі жоғары сервис.

 

Не істеу керек:

  • жаңа сервистерді жасауға қатысасыз және ағымдағы сервистерге қолдау көрсетесіз;
  • жұмыс барысында өз бетіңізше шешім қабылдайсыз;
  • өнім әзірлеуге бағытталасыз, бұл бизнес мәселені шешуді білдіреді;
  • сервисті қалай жақсарту жайлы өз идеяларыңызды ұсынасыз;
  • рефакторингке әрдайым уақыт бөлесіз.

 

Біз күтеміз:

  • кемінде 3 жыл C# тілінде әзірлеу тәжірибесі;
  • әзірлеуде ОББ-ны сенімді қолдану;
  • HTTP REST, SOAP механизмдерін білу және пайдалану тәжірибесі;
  • XML/JSON сериализациясымен/десериализациямен жұмыс істеу тәжірибесі;
  • SOA сәулетін жақсы түсіну;
  • ойын түсінікті әрі жүйелі жеткізе білу, күрделі нәрселерді түсінікті тілмен түсіндіре білу;
  • код сапасына құрметпен қарау;
  • ағылшын тілін техникалық құжаттаманы оқитын деңгейде білу. 

 

Плюс болады:

  • өнімдік ортада IIS үшін қосымшаларды өрбіту тәжірибесі бар;
  • MS SQL, REDIS/MEMCACHE, CLICKHOUSE ДБ жұмыс істеу тәжірибесі бар;
  • CPU/MEMORY бойынша қосымшаны бейіндей білетін;
  • CLR, GC жұмысының логикасын түсетін;
  • CQRS паттерн жөнінде білетін және қолдана алатын;
  • жүктемесі жоғары деректер базасымен жұмыс істеу тәжірибесі бар адамға басымдық беріледі.

 

Біз не ұсынамыз:

  • Қазақстанның үздік e-commerce платформасында жұмыс істеу және жұмысыңыздың нәтижесін миллиондаған пайдаланушының пайдаланып жүргенін көру мүмкіндігін;
  • мақтанышымызға айналған кәсіби команданы;
  • бизнесімізбен бірге алға қарай жылжу мүмкіндігін;
  • шешім қабылдағанда әрекет ету еркіндігін;
  • икемді жұмыс кестесін ұсынамыз.