Middle / Senior NLP Engineer

Алматы (Бас офис)
Толық күн
|
1 жылдан 3 жылға дейін

Kaspi.kz  – Қазақстандағы ең ірі технологиялық компания, оның миссиясы – адамдардың өмірін жақсарту. Ай сайын біздің супер қосымшамызды 14 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады.

Қазір біз Middle/Senior NLP Engineer лауазымына үміткерлерді қарастырып жатырмыз. Жұмыс толықтай Алматы қаласындағы офисте, қашықтан жұмыс істеу және гибрид форматы жоқ.

Біз дамытатын негізгі бағыттар:

  • Контентті/пікірлерді/хабарландыруларды модерациялау;
  • Магазин контентін байыту;
  • HR автоматты іріктеу;
  • Пікірлерді талдау;
  • Өтініштерді жіктеуді автоматтандыру;
  • Виртуалды кеңесші.

ML engineer негізгі міндеттері:

  • Модельді оқыту үшін деректерді дайындау;
  • Модельдерді оқыту және эксперименттер;
  • Модельді продакшнға (көп жағдайда сервис түрінде) шығару;
  • Модельдің пысықталуын, оның жақсаруын талдау;
  • Модельдің сапа мониторингі жүйесін теңшеу.

NLP ML бойынша тәжірибең бар болса, кем дегенде 3 параметр бойынша сәйкес келсең, сенімді түрде вакансияға жауап бер:

  • Трансформерлік (BERT, Sentence-BERT, T5) немесе дәстүрлі (fasttext, word2vec) архитектуралармен production-да әзірлеу және іске қосу бойынша тәжірибең бар;
  • SQL-ді сенімді түрде жазасың (егер SAS Enterprise Guide-пен жұмыс істеген болсаң, тезірек кірісіп кетесің);
  • GitLab, Docker, Kubernetes ортасында ML модельдер үшін CI\CD пайплайндарды баптау бойынша тәжірибең болса;
  • Өнімдік талдау жасасаң (әсіресе операторлар мен дауыстық ассистенттердің телефонмен сөйлесулері үшін);
  • А/B тестілерін жүргізе аласың;

Біз не ұсынамыз:

  • Даму және мансап баспалдағымен өсу – грэйдинг + бейімделу;
  • Офис қала орталығында;
  • Компания есебінен оқыту, тренингтер мен курстар;
  • Офисте тегін жаттығу залы және басқа залдарға абонементтерге жеңілдік бар;
  • Электрондық кітапхана – Kaspi Books және оның қолжетімді қосымшасы;
  • Жұмыс нәтижелері бойынша жалақы түрінде сыйлықақы;
  • Қызығушылықтар бойынша клубтар (үстел ойындары, киберспорт);
  • Қызметкерлерге арналған адал ұсыныстар (автокредиттер).