Kaspi Travel билеттеріне онлайн бронь қою және сатып алу жүйесінің бэкенд бөлігін, сондай-ақ жүйеге байланысты сервистерді әзірлейсіз және қолдау көрсетесіз.
Код-ревью жүргізесіз.
Junior қызметкерлерге тапсырмаларды белгілейсіз.
Мерзімдерді бағалайсыз.
Серіктестермен қарым-қатынас жасайсыз, талаптарды анықтайсыз, тапсырма бойынша мәліметтерді нақтылайсыз.
Іске қосылғаннан кейін орындалған тапсырмалардың жұмысын бақылау.
Қойылатын талаптар:
- мына стекпен жұмыс істеу тәжірибесі: python, django, реляциялық ДБ-ны түсіну, SQL, rest API, DRF, celery, redis білу (5 жылдан бастап);
- веб-технологияларды білу және фронтэнд бөлігі жұмысын түсіну және api бойынша өзара әрекет ету;
- linux-та жұмыс істеу тәжірибесі;
- трэвел саласында жұмыс істеу тәжірибесіне басымдық беріледі (amadeus, sabre немесе соған ұқсас (әуе, т/ж, қонақүйлер) ұшақ билеттерін іздейтін және бронь қоятын веб-сервистермен интеграциялау).
Жасалатын жағдай:
- 6 миллионнан астам пайдаланушысы бар өніммен жұмыс істеу;
- бюрократиясыз орта;
- ешқандай дресс-код жоқ;
- Алматы қ. орталығындағы кеңсе (Абай даңғ., 26А);