Біз UX зерттеулерімізге қатысушыларды тартуға жауап беретін жігерлі және дербес клиент рекрутерін іздейміз. Сіздің жұмысыңыз лайықты кандидаттарды табу, командалармен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
Міндеттері:
- UX зерттеулерге шақыру мақсатында клиенттер мен әріптестерге телефон соғу.
- Алдын ала әңгімелесулер өткізу және әлеуетті қатысушыларды бағалау.
- Клиенттердің барынша келуін қамтамасыз ету (шақырылғандардың кемінде 50%)
- Зерттеу талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін UX зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау.
- Сұрату бойынша алдын ала дайындалған скрипт бойынша қосымша сапалы сауалнама жүргізу.
Талаптары:
- Рекрутинг немесе клиенттерден кері байланыс жинау саласындағы жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады.
- Қарым-қатынас орнату мен сендіре білудің тамаша дағдылары.
- Белгіленген мерзімді сақтай отырып, өз жұмысын ұйымдастыру және жоспарлай білу.
- Егжей-тегжейлерге мұқият болу және үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей білу.
- Икемділік және өзгеретін талаптарға тиімді бейімделу қабілеті.
- Kaspi.kz және Kaspi Pay өнімдерінің базалық түсінігі
- Қазақ және орыс тілдерін меңгеру
Біз мыналарды ұсынамыз:
- Даму және мансаптық өсу;
- Kaspi-дің кәсіби тату командасының бір бөлігіне айналу мүмкіндігі;
- Қала орталығындағы кеңсе (Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі, 154А, Абай даңғылынан жоғары);
- Офистік/гибридный/қашықтан жұмыс істеу форматы
- Компания есебінен оқу, тренингтер мен курстар;
- Кеңседегі тегін жаттығу залы
- Тілдік курстар
- Электрондық кітапхана - Kaspi Books және оған қолжетімді қосымша
- Chill-аймақ - жайлы аула, workout-алаң, сондай-ақ толық босаңсуға ыңғайлы орындықтар мен әткеншектер:)
- Дресс-код жоқ
- Жеңілдікпен автокредит