Junior Traffic Manager

Алматы (Бас офис)
Толық күн
|
1 жылдан 3 жылға дейін

Kaspi.kz-тегі Магазин – бұл бірегей сервис, электрондық коммерцияның мультикатегориялық платформасы және Қазақстан нарығындағы ең ірі e-commerce. Біз миллиондаған клиенттердің күніне жүздеген мың тапсырыс жасап, оларды уақытында алуына жәрдемдесеміз. Біз командамызға Junior Traffic Manager іздейміз — бізбен бірге өсіп, күн сайын үйренуге дайын маманды!

Атқаратын міндеттері:

  • Digital-арналарда жарнамалық науқандарды іске қосу, баптау және жүргізу (Google Ads, Meta, TikTok, X және т.б.);

  • Негізгі метрикалар бойынша (CTR, CR, CPA, ROAS, DRR) науқандарды күнделікті мониторингтеу және оңтайландыру;

  • Гипотезаларды, креативтерді, аудиторияларды және трафик сатып алу тәсілдерін тестілеу;

  • Тауарлар фидімен жұмыс: дұрыстығын тексеру, фильтрлерді баптау, негізгі ядромен басқару;

  • Әр арна бойынша есептерді дайындау және тиімділікті талдау;

  • Дизайн, контент, продукт-менеджерлер командаларымен және платформалармен өзара әрекеттесу;

  • UTM-белгілерін, науқан ID-лерін, пиксельдерді және басқа трекинг элементтерін жинау, беру және дұрыстығын бақылау;

  • Медиажоспарлауға қатысу: трафикті, бюджетті және болжамдарды есептеу;

  • Науқандардың бизнес мақсаттарына және бренд талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;

  • Багтар мен инциденттермен жұмыс, жарнамалар мен лендингтердің дұрыс жұмыс істеуін бақылау.

Қойылатын талаптар:

  • Google Ads, Meta (Facebook/Instagram), TikTok, X жарнамалық кабинеттерімен кемінде 6 ай жұмыс тәжірибесі;

  • Performance-маркетинг негіздерін түсіну: UTM-белгілер, аналитика;

  • Excel / Google Sheets-пен жұмыс істей білу;

  • Аналитика бойынша базалық білім: негізгі метрикаларды білу (CTR, CR, CPA, ROAS, DRR).

Біз не ұсынамыз:

  • Даму және мансаптық өсу;
  • Ынтымағы жарасқан кәсіби Kaspi  командасының бір бөлшегі болу мүмкіндігі;
  • Қаланың орталығында орналасқан офис (Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154А үй, Абай даңғылынан жоғары);
  • Офисте тегін жаттығу залы;
  • Электрондық кітапхана – Kaspi Books және оның қолжетімді қосымшасы;
  • Chill-аймақ – толық релаксацияға арналған жайлы аула, workout-алаң, сондай-ақ ыңғайлы орындықтар мен әткеншектер:)
  • Дресс-код жоқ;
  • Жеңілдікпен автокредит беру.