«Kaspi Хабарлама» және «Kaspi Жұмыс» сервистері – ай сайын 15 миллион қазақстандық қолданатын Kaspi.kz экожүйесіне кіретін general classified платформалары.
«Kaspi Хабарландыру» сервисінің көмегімен жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер тауарларды қауіпсіз және тегін сатады, сатып алады және айырбастайды, қызметтерді ұсынады және алады, ал «Kaspi Жұмыс» сервисінде жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер бір-бірін тегін әрі қауіпсіз тауып, жаңадан ынтымақтастық бастайды.
Қазір біз сервистеріміздің сапасы мен қауіпсіздігін сақтауға көмектесетін Junior Content Manager іздеудеміз.
Атқаратын міндеттері:
- Хабарландырулардың жариялау ережелеріне сәйкестігін тексеру;
- Өңдеу жылдамдығы мен сапасы бойынша көрсеткіштерді орындау;
- Хабарландыру базасының сапасын бақылау процестерін орындау;
- Ақпараттың өзектілігі мен дұрыстығын сақтау;
- Пайдаланушыларға шығыс қоңырау соғу.
Қойылатын талаптар:
- Орыс тілінде ауызша және жазбаша сауатты сөйлеу;
- Компьютерді сенімді пайдалану;
- Ұсақ-түйекке мән беру, табандылық, үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей білу;
- Интернеттен ақпарат іздеу дағдысы;
- Пайдаланушылардың өтініштерін тексеру және шығыс қоңырау соғу тәжірибесі;
- Нәтижеге бағдарлану;
- Командада жұмыс істей білу;
- Жылдам үйрену;
- Сыни тұрғыдан ойлау;
- Тапсырмаларды орындауға жауапты қарау.
Жұмыс жағдайлары:
- жылжымалы жұмыс кестесі, 08:00-17:00;
- ҚР Еңбек кодексіне сай ресми түрде жұмысқа орналасу;
- Жылдық бонус;
- Кәсіби даму және мансаптық өсу мүмкіндігі;
- Компания есебінен оқыту, тренингтер мен курстар;
- Тіл оқыту курстары;
- Kaspi Books электрондық кітапханасы және қолжетімді қосымша;
- Офис қала орталығында орналасқан (Алматы қ., Шәріпов к-сі, 90, Абай даңғылынан төмен);
- Толық жабдықталған жайлы жұмыс орны;
- Офисте қолжетімді бағада асхана бар;
- Кофе, шай және басқа да сусындар тегін;
- Офисте тегін жаттығу залы бар;
- Корпоративтік мерекелер мен тимбилдинг;
- Дресс-код жоқ;
- Ынтымағы жарасқан кәсіби Kaspi командасының бір бөлшегі болу мүмкіндігі.
Мыналар құпталады:
- Қазақ тілінде ауызша және жазбаша сауатты сөйлеу;
- Ішкі нұсқаулықтар мен регламенттер бойынша жұмыс істеу тәжірибесі;
- Колл-орталық пен қолдау қызметінде жұмыс істеу тәжірибесі;
- Классифайдтармен жұмыс істеу тәжірибесі;
- Контентте немесе хабарландыруларды модерациялауда жұмыс істеу тәжірибесі.