Design-System Designer

Алматы (Бас офис)
Толық күн
|
2 жылдан 4 жылға дейін
|
3 жылдан 6 жылға дейін

Kaspi.kz – Қазақстандағы ірі технологиялық компания. Ай сайын 11 миллионнан астам қазақстандық біздің үздік қосымшамызды пайдаланады.

Сіз дизайн-жүйені жетілдіріп, дамытатын боласыз, компоненттерді, шаблондар мен процестерді жасаумен, сипаттаумен және құжаттаумен айналысасыз, сондай-ақ Kaspi.kz интерфейстерінде жаңа шешімдер іздестіріп, әлемдік визуалды дизайн тәжірибесін қолданатын боласыз

 

Сіз:

- Kaspi.kz дизайн-жүйесін дамытумен, жаңартумен және жетілдірумен айналысасыз (UI/UX);

- Тестілеу және бақылау мәселелері бойынша әзірлеушілер командасымен тығыз жұмыс істейсіз;

- Компоненттерді, шаблондар мен процестерді құжаттаумен айналысасыз;

- Әлемдік тәжірибені талдайсыз

- Клиенттеріміздің Kaspi.kz-тің барлық өнімімен өзара іс-әрекет жасау тәжірибесін үнемі жақсартып отырасыз

 

Сізден талап етілетіні:

- ux/ui дизайнері ретінде жұмыс тәжірибесі – 2 жыл және одан көп;

- iOS пен Android гайдлайндарын жете білу.

- Дизайн-жүйелер (жалпы принциптері, құралдары, кезеңдері, процестері) саласында сенімді білімі

- Токендермен жұмыс істеу тәжірибесі

- Қаржы-тех, электрондық коммерция, әлеуметтік желілер мен коммуникациялар, навигация, медиа және т.б. сияқты түрлі салада онлайн-сервистерді пайдалану бойынша үлкен тәжірибе;

- Өз шешімдерін бүкіл командаға дәлелді түрде жеткізе білу, өз көзқарасын қорғай білу және басқаларды тыңдай білу.

 

Біз не ұсынамыз:

- Бәсекелестік жалақы және оны тұрақты түрде перфоманс ревьюде қайта қарау. Біз жақсы жұмысты өте жоғары бағалаймыз;

- Өнімдік тәсілі мықты, дизайн мен клиенттік тәжірибеге ден қоятын, жылдам дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу мүмкіндігі.

- Өзіңіз, достарыңыз бен жақындарыңыз күнделікті пайдаланатын өнімдерді жасау мүмкіндігі;

- Алматы орталығындағы ең үздік офистердің бірі;

- Компания есебінен оқыту

- Таңдауға ұсынылатын заманауи жабдық (MacBook, iMac)