Data Analyst

Алматы (Бас офис)
Толық күн
|
1 жылдан 3 жылға дейін

Kaspi.kz – бұл жоғары технологиялық компания, оның миссиясы – адамдардың өмірін жақсарту. Біз сүйікті клиенттерімізге төлем жасауға, сатып алуға және жеке қаржыны басқаруға көмектесетін бірегей сервистер жасаймыз.

Деректерді талдаушылар Kaspi.kz-тің маркетинг командаларына метриканы жақсартуға және жылдам өсуге көмектеседі. Біз маркетингтік коммуникацияларды іске қосу, клиенттік мінез-құлықты терең талдау және бизнес-тапсырыс берушілермен тығыз өзара іс-әрекет ету арқылы пайдаланушылардың қызығушылығын арттыруға көмектесетін талдаушы іздейміз.

Сіз мына сервистердің бірімен жұмыс істей аласыз: 

Kaspi Магазин, Kaspi Travel, Қаржы қызметі

Сізге қойылатын талаптар:

  • SAS Enterprise Guide (құпталады), SQL бойынша білімі;
  • Мақсаттық айнымалыны болжау дағдысы;
  • Клиенттік базаны кластерлеу/сегменттеу;
  • Деректер базаларымен жұмыс істеу (SQL-сұратуларды құру) дағдысы.

Сіз:

  • Пайдаланушыларды сегменттеу және когорттық талдау
  • Клиенттік мінез-құлықты терең талдау, тар жерлерді іздеу және паттернді анықтау
  • Маркетинг науқандарын іске қосу, АБ-тестілер өткізу
  • Өнімдер мен сервистердің әртүрлі метрикаларымен жұмыс істеу
  • Бизнес-тапсырыс берушілермен тығыз өзара іс-әрекет ету, шешім қабылдауға қатысу

Жасалатын жағдай:

  • даму және мансап баспалдағымен көтерілу;
  • Kaspi-дің ынтымағы жарасқан кәсіби командасының бір мүшесі болу;
  • компанияның есебінен оқыту, тренингтер мен біліктілігін арттыру курстары;
  • офистегі тегін жаттығу залы;
  • Ағылшын және қазақ тілдерін үйрену;
  • Kaspi-кітапханаға қолжетімділік.