Application Security Engineer

Алматы (Бас офис)
Толық күн
|
2 жылдан 4 жылға дейін
|
3 жылдан 6 жылға дейін

Kaspi.kz — Қазақстандағы ірі технологиялық компания. Ай сайын біздің үздік қосымшамызды 12 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады.

Қазір біз Kaspi Магазин командасына Application Security Engineer (Middle+/Senior) іздеп жатырмыз. Егер сіз аймақтағы ең ауқымды және жүктемесі көп жүйелердің бірінде қауіпсіздіктің қалай құрылып жатқанына әсер еткіңіз келсе, бұл лауазым — сіз үшін.

Тапсырмалар:

  • Бизнес-процестердің, веб-сервистердің, жаңа функциялар мен архитектуралық шешімдердің қауіпсіздігіне талдау жүргізу;
  • Жүргізілген талдау негізінде ақпараттық қауіпсіздік бойынша талаптарды қалыптастыру;
  • Іске асырылған шешімдердің белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалау;
  • Қауіпсіздік пен жобаның басқа да шектеулері арасындағы архитектуралық мәмілелерді іздеу және келісу;
  • Әзірлеу командаларына кеңес беру және анықталған осалдықтарды жоюды бақылау;
  • Аспаптық тексерулерді (SAST, DAST) жүргізуге және нәтижелерін түсіндіруге қатысу;
  • Осалдықты анықтауға назар аудара отырып, қауіпсіз code review жүргізу және ұйымдастыру;
  • Әзірлеу командаларын қауіпсіз әзірлеу қағидаттарына оқыту.

 

Қойылатын талаптар:

  • Заманауи веб-қосымшалардың (frontend, backend, API, микросервистер) архитектурасын тереңінен түсіну;
  • Веб-қосымшалардың қорғалған архитектурасын құрудың практикалық тәжірибесі;
  • Веб-қосымшалардың қорғалуын талдау тәжірибесі (қолмен және автоматтандырылған құралдардың көмегімен);
  • OWASP Top 10 және басқа да салалық қауіпсіздік стандарттарын білу және сенімді қолдану;
  • Кодты статикалық (SAST) және динамикалық (DAST) талдау құралдарымен жұмыс істеу тәжірибесі;
  • Осалдықты анықтау мақсатында танымал тілдерде (мысалы, Java, JavaScript) бастапқы кодты оқу және талдау дағдылары;
  • БЖ (SDLC) әзірлеудің өмірлік циклін және қауіпсіздік процестерін CI/CD-ге біріктіруді түсіну.

 

Біз не ұсынамыз:

  • Командада даму және мансаптық өсу, мұнда security – басты басымдық.
  • Ынтымағы жарасқан кәсіби Kaspi  командасының бір бөлшегі болу мүмкіндігі
  • Қаланың орталығында орналасқан жайлы офис: Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154А үй, Абай даңғылынан жоғары);
  • Компания есебінен оқыту, тренингтер мен курстар өткізу
  • Офисте тегін жаттығу залы
  • Жеңілдікпен автокредит беру;
  • Электрондық кітапхана – Kaspi Books және оның қолжетімді қосымшасы;
  • Chill-аймақ - толық релаксацияға арналған жайлы аула, workout-алаң, сондай-ақ ыңғайлы орындықтар мен әткеншектер:)
  • Дресс-код жоқ;

Біздің құндылықтарымыз жайлы қысқаша:

- Біз өнімдерімізді үнемі жақсартуға: оларды пайдаланушыларымыз үшін оңай әрі түсінікті етуге, сондай-ақ осы өнімдердің көрсеткіштерін арттыруға ұмтыламыз.

- Біз нәтижеге жұмыс істейміз.

- Үздіксіз оқимыз

- Біз – fail friendly. Қателесу кінәрат емес, ең бастысы – өз қателеріңізден дұрыс қорытынды шығару.