Өнімді жетілдіруге арналған идеяларды түрлі бағыттардан жинау және бағалау
Талаптарды сарапшылармен – заңгерлермен, қауіпсіздік мамандарымен, дизайнерлермен және басқа да мамандармен бірлесе талдап, олардың болжамдарға сай болуын қамтамасыз ету
Командамен жұмыс істей отырып, өнімге қатысты маңызды егжей-тегжейлерді анықтау
Клиенттік жолды, бизнес-үдерістерді, өнімнің және оның сервистерінің архитектурасын пысықтау
Өнімге қатысты тапсырмалардың кезеңдерін және орындалу мерзімдерін жоспарлау
Қызметкерлерге, клиенттерге, серіктестерге арналған өнімнің іске қосылуы туралы коммуникацияларды дайындау
Өнім менеджерімен бірлесе тұжырымдамаларды талқылау, қорғау және мақұлдау
Серіктестер үшін өнімнің негізгі сапа көрсеткіштерін бақылау және жақсарту
Қойылатын талаптар:
Жобалық менеджменттегі тәжірибе: коммуникация жүргізу, ақпаратты құрылымдау, тапсырмаларды жоспарлау және орындалуын бақылау, міндеттерді декомпозициялау және шешімдерді пысықтау және т.б.
Командада жұмыс істеу қабілеті
Жұмыс сапасы мен нәтижелері үшін жауапкершілік
Жаңа тапсырмаларға жылдам бейімделуге және білімді тез меңгеруге дайын болу
Біз не ұсынамыз:
Даму және мансаптық өсу мүмкіндігі
Ынтымағы жарасқан кәсіби Kaspi командасының бір бөлшегі болу мүмкіндігі
Қаланың орталығында орналасқан офис (Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154А үй, Абай даңғылынан жоғары);
Офистегі тегін жаттығу залы
Электрондық кітапхана – Kaspi Books және оның қолжетімді қосымшасы
Chill-аймақ – толық релаксацияға арналған жайлы аула, workout-алаң, сондай-ақ ыңғайлы орындықтар мен әткеншектер :)